Өнер тек өнер туындылары мен қойылымдармен шектелмейді – ол шығармашылық үдерісті толықтай қамтиды және көбінесе ғұрыптар мен наным-сенімдермен тығыз байланысты болады. Мысалы, бақсылық дәстүрінде әйел адамның арқасы ұстайды (емдік қуатты қабылдау) деген құбылыс орын алса, ол емшілік жолды таңдау немесе сол қуатты өнер арқылы шығармашылыққа айналдыруы тиіс деп есептелген.
Киіз дәстүрлі қазақ өнерінде ерекше орын алады, себебі көшпелілердің басты баспанасы «киіз үй» деп аталады. Кілем, текемет және киім-кешек сияқты киіз бұйымдарын жасау – асар деп аталатын ортақ жұмыс болып, ол әйелдерді бірлескен іс-әрекетке жұмылдыратын. Киіз басу барысында істің сәтті жүруі мен жамандықтан сақтану үшін 10-12 жастағы қыз баланы рәсімге шақыру дәстүрі болған. Сонымен қатар, әйелдер энергияны тазартып, киізге оң ниет дарыту үшін жүнмен жұмыс істегенде барлық саусақтарына күміс жүзік тағып алатын болған. Киіздің тіпті тұмау мен буын ауруларын емдейтін қасиеті бар деп есептелген.
Тағы бір ерекше бағаланатын тоқыма өнері – құрақ. Бұл көрпелер дәстүрлі түрде төрге – құрметті қонақтарға арналған орынға төселеді. Құрақ – отбасының тұтастығының символы саналып, жасауға (қалыңдықтың жасауы) міндетті түрде қосылады. Кейде құрметті, марқұм болған адамдардың киімдерінен алынған мата бөліктері құраққа тігіліп, олардың білімі мен ізгі қасиеттері символдық түрде ұрпаққа беріледі деп саналады. Ал әдейі жіберілген қателіктер адам өмірінің, дәл осы құрақ секілді, мінсіз болмайтынын еске салады.
Музыкалық аспаптарды, ыдыс-аяқ пен зергерлік бұйымдарды жасау мен безендіру тек шеберлік ретінде ғана емес, олардың терең символдық мәніне байланысты өнер ретінде қарастырылады. Жас қыздар шаштарына шашбау таққан – ол жіп, моншақ, сыңғырлақтар мен тиындардан жасалған шаш әшекейі. Оның сыңғырлаған дыбысы жамандықтан қорғайды және қызды ұрлап кетуден сақтайды деп есептелген. Менде құдағи жүзік бар, бірақ оны эстетикалық ұнатқаным үшін ғана тағып жүремін. Бұл екі саусаққа тағылатын, бірлікті білдіретін жүзік, ол дәстүрлі түрде қалыңдық немесе күйеу жігіттің анасына сыйлық ретінде беріледі.
Батыс елдерінде arts and crafts деп саналатын нәрселер қазақ мәдениетінде өнер және қолөнер деп аталады және оны сынау деген ұғым жоқ. Менің суретші досым бірде қалжыңдап: «Өнер – мұражай мен галереядағы дүние, өйткені ол адамды өнер туындылары, олардың нышандары мен мағынасы туралы ойлануға уақыт бөлуге шақырады. Ал қалғанының бәрі – қолөнер» деген еді.
Öner extends far beyond art objects and performances—it encompasses the entire process of creation, often intertwined with rituals and beliefs. In the baqsylyq (shamanic) tradition, for example, when a woman experienced arqasyn ustaidy (receipt
of healing power), it is believed she must either embrace her calling as a healer or channel that energy into crafts, transforming it into creative output.
Felt holds a central place in traditional Qazaq art, as yurts—the quintessential nomadic homes—are also known as kiız üi (felt house). The making of felt goods, such as carpets, rugs, and garments, was a communal effort called asar, which united women in shared practice. To ensure the process went smoothly and ward off misfortune, it was customary to invite a 10- or 12-year-old girl for brief participation. Women often wore silver rings on all fingers while working with wool to purify the energy and imbue the felt with positive intentions. Felt was even believed to have healing properties for ailments like the flu and joint pain.
Another celebrated textile art is quraq (patchwork). These quilts were traditionally laid out in the tör—a place reserved for honored guests. Quraq symbolizes family unity and are often included in a jasau (bride’s dowry). Pieces of fabric from the clothing of esteemed deceased individuals were incorporated into quraq as a way of symbolically transferring their knowledge and virtues. Deliberate imperfections were left in the designs to remind people that life, like the patchwork itself, is inherently imperfect.
Creating and embellishing musical instruments, tableware, and jewelry is considered an art form, not only for its craftsmanship but because of its symbolic meaning. Young women adorned their hair with şaşbau—braid decorations made from cords, beads, bells, and coins—which jingled to ward off evil spirits and prevent kidnappings, serving as protective talismans. I have a qudaği jüzık, though I wear it purely for its aesthetic appeal, misusing its symbolic meaning, as it is a ring worn on two connected fingers to symbolize unity and traditionally given as a gift to the mother of a bride or groom.
What is defined as applied arts and crafts in Western societies is referred to in Qazaq as both öner and qol öner without any attached value judgment. A friend of mine, an artist, once joked, “Öner is what’s in museums and galleries because the setting encourages people to spend time contemplating the works, their symbols, and meanings. The rest is qol öner.”
Interview with Sheker Shakir, conducted online by Zhameli Khairli, 20 January 2025.
Телеканал Алматы / Almaty TV Channel. “Мәдени мұра | Ұлттық қолөнер | Деректі фильм.” YouTube video, September 26, 2024, accessed February 1, 2025. https://www.youtube.com/watch?v=0_fxIv31HQ8&list=PLWRpFANUyP52RVGST3a8sT8-yzvivxJHR&index=6.
Khabar TANYM Channel. “Киіз басу өнері. «Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері».” YouTube video, June 22, 2018 accessed February 1, 2025. https://www.youtube.com/watch?v=xppHd59ZU2Q.
Khabar TANYM Channel. “Күміс әшекейдің пайдасын білесіз бе?” YouTube video, September 26, 2018, accessed February 1, 2025. https://www.youtube.com/watch?v=IfcW0Zi1tAQ.
Көне түркі дүниетанымында көзге көрінетін және көрінбейтін екі әлем бар деп есептелген. Музыка осы екі дүниенің арасындағы көпір саналады, ал музыкалы...
Ою-өрнек – рухани, табиғи және қоғамдық мағынаға ие бейнелер арқылы «сөйлейді». Бұл өрнектер табиғаттан шабыт алады, олар аспан денелерін, табиғи элем...
Мақалда айтылғандай: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», бұл ата жолының (ата-баба жолы) терең маңыздылығын көрсетіп, өткенмен рухани байл...
Жер тек физикалық аумақ қана емес, адамның туған жерімен және мәдени мұрасымен байланысты рухани сезімді білдіреді. «Кіндік қаны тамған жер» деген тір...
Аруақ – қайтыс болған ата-баба жаны, олар тіріні қолдап, қорғайды деп есептеледі. Аруақтар отбасы мәселелерінде де, соғыс сияқты ірі тарихи оқиғаларда...
Жаңа жылдың бастауы ретінде тойланатын Наурыз біреулер үшін жалғыз Жаңа жыл мерекесі, басқалар үшін ол Батыс Жаңа жылын толықтыратын мейрам болып табы...
Ата-баба – ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отбасы мен ұлттық дәстүрді жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл ұғым ата-бабаға, сондай-ақ тікелей алдыңғы...
«Мен сені жақсы көремін» – «I love you» деген мағынаны білдіретін тіркес. Қазақ тілінде тіке айтудан гөрі астарлы мағынаға көбірек мән беріледі. Мысал...
This website uses strictly necessary cookies to function. We would also like to use functional and analytical cookies to improve your experience. You can choose to accept or decline.