Жаңа жылдың бастауы ретінде тойланатын Наурыз біреулер үшін жалғыз Жаңа жыл мерекесі, басқалар үшін ол Батыс Жаңа жылын толықтыратын мейрам болып табылады. Бұрын Наурыз бір айдан астам уақыт бойы тойланған, алайда Кеңес өкіметі кезінде оған діни мереке ретінде тыйым салынды. Нәтижесінде, көптеген адамдар оның мән-мағынасын білмей өсті. Дегенмен, халық Наурызды ешқашан діни мейрам деп қарастырған жоқ, оны көктемгі күн мен түннің теңелуі мен табиғаттың жаңаруының мерекесі деп санады. 1988 жылы Наурыз қайта жанданып, 1991 жылы ресми түрде мойындалды. Бұл күн жаңару, кешірім және үйлесімнің символына айналды. Осы күні адамдар өткен реніштерін ұмытып, татуласып, бір-біріне жақсылық пен бейбітшілік тілейді.
Наурыздан бір апта бұрын Көрісу күні мерекелік шаралардың басталуын білдіреді. Жастар үлкендерге амандасады, оларға құрмет көрсетіп, батасын алады. Бұрын Наурызға дайындық кезінде адамдар ескі киімдерінен арылып, жаңа киім алатын, бұл жаңарудың белгісі еді. Бұл дәстүр 2024 жылдан бастап Ұлттық киім күні ретінде Наурыз күнтізбесіне енгізілді.
Мереке халықты бәйге, ұлттық ойындар, концерттер, музыка және би арқылы біріктіреді. 21-22 наурыз күндері қалалар мен ауылдар жанданып, министрліктер, өңірлік және аудандық әкімдіктер, ұлттық компаниялар, университеттер мен мектептер өз ғимараттарының алдында немесе орталық алаңдарда киіз үй тігеді. Қонақтар ол жерден тегін ас, шай ішіп, шабыт беретін жанды музыка тыңдай алады. Алаңдарда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, қолдан жасалған бұйымдар мен тағамдар сатылады.
Түстен кейін мерекелік дастархан басына жиналып, тек Наурыз кезінде дайындалатын ерекше ас наурыз көже ұсынылады. Оның жеті символдық ингредиенті бар, әр отбасының өзіне тән рецепті болғанымен, кейбір құрамдас бөліктері өзгеріссіз қалады: нәр беретін сүрленген ет, денсаулық беретін айран немесе құрт және өмірдің символы ретіндегі су. Біздің отбасымыз наурыз көже пісірмейді, бірақ біз оны өте дәмді жасайтын анамның достарына қонаққа барамыз.
Celebrated as the start of a new year, for some Nauryz is the sole New Year celebration, while for others it complements the Western New Year eve. In the past, Nauryz was celebrated for over a month, but during Soviet rule, it was banned as a religious holiday. As a result, many people grew up unaware of its existence. However, communities never regarded Nauryz as a religious event but rather as a celebration of the vernal equinox and the renewal of nature. It was revived in 1988 and officially recognized in 1991. Nauryz symbolizes renewal, forgiveness, and harmony. On this day, people set aside grievances, make peace with those they have quarreled with, and wish each other well.
A week before Nauryz, Körısu Künı (Day of Greeting) marks the beginning of the festivities. Younger generations visit elders, paying them respect and receiving bata (blessings) in return. In the past, people also prepared for Nauryz by discarding old clothes and bringing in new ones, symbolizing a fresh start. This tradition became part of the Nauryz calendar as a dedicated National Costume Day starting in 2024.
The celebrations bring communities together with horse races, traditional games, concerts, music, and dance performances. On March 21 and 22, cities and villages come alive as ministries, regional and district municipalities, national companies, universities, and schools set up yurts outside their buildings or in central squares. Visitors are often welcomed inside to enjoy free meals, tea, and live music. Fairs animate the squares, offering handmade goods and food.
Afternoon gatherings typically move to private homes where special dish prepared only for Nauryz, nauryzköje, is served. It contains seven symbolic ingredients, with household recipes varying slightly. However, some elements remain constant: preserved meat for strength, ayran or qurt (dried salty cheese) for health, and water to symbolize life itself. In my family, we don’t cook nauryzköje, we visit my mother’s friends, who make especially delicious ones.
centerofurbanism1. “Наурыз мейрамы құтты болсын!” TikTok, March 20, 2024. https://www.tiktok.com/@centerofurbanism1/video/7348520528803548422
ptrkkz. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарада сөйлеген сөзі ” TikTok, March 21, 2024. https://www.tiktok.com/@ptrkkz/video/7348713820342406405
erlakab. “Қош керуен!” TikTok, March 21, 2024. https://www.tiktok.com/@erlakab/video/7348811944775716102
ayerrke. “nauryz vibe in almaty.” TikTok, March 21, 2023. https://www.tiktok.com/@ayerrke/video/7212881910895217926?_r=1&_t=ZM-8taogzvHsDW
turan5169. “#наурыз #наурызқұттыболсын #наурыз2024” TikTok, March 21, 2024.https://www.tiktok.com/@turan5169/video/7348876375425633541
sevaolla. “Ауылдың наурызына ештеңе жетпейді ғой, иә!” TikTok, March 20, 2024. https://www.tiktok.com/@sevaolla/video/7348530076234910981?_r=1&_t=ZM-8taom7qIGCD
zhmk_volunteerss. “Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі құрылымы “zhmk_volunterss” қозғалысының волонтерлары Көрісу күніне орай сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.” TikTok, March 14, 2024. https://www.tiktok.com/@zhmk_volunteerss/video/7346089189009657094?_r=1&_t=ZM-8taouwnvMNK
Көне түркі дүниетанымында көзге көрінетін және көрінбейтін екі әлем бар деп есептелген. Музыка осы екі дүниенің арасындағы көпір саналады, ал музыкалы...
Өнер тек өнер туындылары мен қойылымдармен шектелмейді – ол шығармашылық үдерісті толықтай қамтиды және көбінесе ғұрыптар мен наным-сенімдермен тығыз ...
Ою-өрнек – рухани, табиғи және қоғамдық мағынаға ие бейнелер арқылы «сөйлейді». Бұл өрнектер табиғаттан шабыт алады, олар аспан денелерін, табиғи элем...
Мақалда айтылғандай: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», бұл ата жолының (ата-баба жолы) терең маңыздылығын көрсетіп, өткенмен рухани байл...
Жер тек физикалық аумақ қана емес, адамның туған жерімен және мәдени мұрасымен байланысты рухани сезімді білдіреді. «Кіндік қаны тамған жер» деген тір...
Аруақ – қайтыс болған ата-баба жаны, олар тіріні қолдап, қорғайды деп есептеледі. Аруақтар отбасы мәселелерінде де, соғыс сияқты ірі тарихи оқиғаларда...
Ата-баба – ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отбасы мен ұлттық дәстүрді жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл ұғым ата-бабаға, сондай-ақ тікелей алдыңғы...
«Мен сені жақсы көремін» – «I love you» деген мағынаны білдіретін тіркес. Қазақ тілінде тіке айтудан гөрі астарлы мағынаға көбірек мән беріледі. Мысал...
This website uses strictly necessary cookies to function. We would also like to use functional and analytical cookies to improve your experience. You can choose to accept or decline.