Muzyka / Музыка

Pronunciation: moo-zy-kah
Language: Qazaq
Contributors: Zhameli Khairli Duisembay Mambetalin Laura Batyrkhanova Arna Äbdımälık
Also known as: music

Description

Көне түркі дүниетанымында көзге көрінетін және көрінбейтін екі әлем бар деп есептелген. Музыка осы екі дүниенің арасындағы көпір саналады, ал музыкалық аспаптар осы шекарада орналасқан – біз оларды көріп қана қоймай, олардың үнін естиміз. Тек музыка арқылы көрінбейтін әлеммен байланысуға болады деген сенім бар.
Қазақ дәстүрінде музыка әрдайым «сөйлеп» тұрған. Күй – домбыраның қос ішегінен төгілген үн арқылы ата-баба даналығын, рухын және келер ұрпаққа арналған мәңгілік сөзін жеткізеді. Әңгімелеу қазақ музыкасының ажырамас бөлігі ретінде ұжымдық жадыны сақтаудың құралы болып келеді. Жырау (жырдың авторы және орындаушысы) мен жыршы (жыр орындаушысы) қауым мен ата-баба рухтарының арасындағы көпір ретінде көрінеді, ал жыр – батырлардың ерліктері, тарихи оқиғалар мен адамгершілік сабақтарын баяндаған ұзақ жырлар.
Айтыс, суырыпсалма ақындық сайыс, ұлттық мақтаныштың белгісі ретінде сақталған және ақындардың тапқырлығын, әлеуметтік сын, әзіл және мадақ арқылы халықты баурап алатын ерекше өнерін көрсетеді. Олардың шеберлігі халықтың мәдени даналығы деп мойындалып, зор құрметке ие болған.
Кеңес өкіметі кезінде қазақтың көне музыкалық аспаптары ескерусіз қалып, ұмыт бола бастаған еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін олардың мағынасы мен қолдану тәсілдері зерттеліп, қайта жанданды. Мысалы, қобыз – екі ішекті ысқылы аспап бұрын бақсылар (шамандар/емшілер) тарапынан ауруды емдеу, болашақты болжау және жамандықтан қорғану үшін қолданылған. Керней – үрмелі аспап, ол соғыста сарбаздарды жігерлендіру үшін пайдаланылса, шартылдақ пен сырнай мал бағу ісінде көмектескен. Ал кешкі уақытта халық жиылып, әншілер мен күйшілердің орындауындағы әңгімелер мен күйді сыбызғының (ағаштан немесе қамыстан жасалған флейта) үні арқылы тыңдайтын. Бүгінде бұл аспаптар мектептер мен жоғары оқу орындарында үйретіліп, жиі орындалатын өнердің бір бөлігіне айналды.

Read more

Rooted in the ancient Turkic worldview of two interconnected worlds—the visible and the invisible—music stands as a bridge between them with musical instruments resting on the border of these realms, as we both see them and hear their voices. It is believed that only through music can one communicate with the unseen world.
In Qazaq tradition, music has always “spoken.” The küi, performed on the dombyra, a two-stringed lute, conveys ancestral wisdom and spirit as well as timeless messages for posterity. Storytelling holds a central place in Qazaq music as a means of preserving collective memory. Historically seen as bridges between the community and ancestral spirits, the jyrau (epic creator and storyteller) and jyrşy (epic storyteller) perform jyr—long narrative songs recounting heroic deeds, historical events, and moral lessons.
Cultural uniqueness of improvisational poetic duel, aitys, remains a point of national pride and showcases the brilliance of aqyns (poet-singers) who captivate audiences with witty verses, social critique, humor, and praise, earning admiration as cultural geniuses.
During Soviet rule, Qazaq ancient musical instruments were neglected. Their meanings and purposes have since been researched and revived following independence. For instance, the qobyz, a bowed wooden string instrument, was once played by baqsy (shamans/healers) to heal illnesses, predict the future, and ward off evil spirits. The kernei, a woodwind instrument, rallied warriors on the battlefield, while instruments like the şartyldaq and syrnai supported pastoral life. In the evenings, communities would gather as musicians told stories through the sybyzğy, a wooden or reed flute. Today, these instruments are taught in schools and universities and regularly performed.

Телеканал Алматы / Almaty TV Channel. “Мәдени мұра | Қазақтың ұлттық аспаптары | Деректі фильм.” YouTube video, September 24, 2024, accessed February 1, 2025. https://www.youtube.com/watch?v=CuRFlf-7QXk.

Телеканал Алматы / Almaty TV Channel. “Мәдени мұра | Ұлттық бірегейлік | Деректі фильм.” YouTube video, September 25, 2024, accessed February 1, 2025. https://www.youtube.com/watch?v=kGw8sYnIImw&list=PLWRpFANUyP52RVGST3a8sT8-yzvivxJHR&index=8.

bizdin_aitys. “Жандарбек Бұлғақов | Тіл туралы.” TikTok, August 12, 2024. https://www.tiktok.com/@bizdin_aitys_/video/7402225290421751046?_r=1&_t=ZM-8tanpGY5CAn

erbolbaten. “#айтыс #айтыскер #қызбенжігітайтысы #мақсатаханов.” TikTok, August 20, 2023. https://www.tiktok.com/@erbolbaten/video/7269331845815323909?_r=1&_t=ZM-8tanojl7nXi

arliat_a. “Америкада тұнғыш рет Қырғыз-Қазақ айтысы өтті. Айшолпан Тлеутай және Акматбек Султан ұлы.” TikTok, November 8, 2024. https://www.tiktok.com/@arliat_a/video/7434971637260356919?_r=1&_t=ZM-8tannXg7Cic

Date of entry: March 31, 2025
The name you would like to be credited with for your contribution.
The word you wish to contribute
Your email for contact and updates regarding your submission.
The language you are contributing the word in
Maximum file size: 3 MB
Maximum file size: 5 MB
By proceeding, I acknowledge and agree to GloCo's Legal notice and Terms of use
and the Guidelines for Contributors *

Related Words

Figure 5. Felt-making. Ordabasy District, Qazaqstan, 14 April 2016. O.Öndemes, copyright
Öner / Qol öner / Qoldanbaly öner / Өнер / Қол өнер / Қолданбалы өнер
Qazaq
ɜ:-nèr

Өнер тек өнер туындылары мен қойылымдармен шектелмейді – ол шығармашылық үдерісті толықтай қамтиды және көбінесе ғұрыптар мен наным-сенімдермен тығыз ...

Figure 4. Me and my friend Anara Bekmukhambetova both wearing Qazaq traditional headdresses at Budapest international airport. 27 December 2022, Budapest, Hungary. Anara Bekmukhambetova
Oyu-örnek / Ою-өрнек
Qazaq
ɔ:-you: ɜ:r-nèk

Ою-өрнек – рухани, табиғи және қоғамдық мағынаға ие бейнелер арқылы «сөйлейді». Бұл өрнектер табиғаттан шабыт алады, олар аспан денелерін, табиғи элем...

Ydys-aiaq (tableware): astau for main course, bas tabaq for lamb’s head, zereñ and ojau for qumys or soup; dombyra. Laura Batyrkhanova inherited this tableware from her mother-in-law. 25 January 2025, Jarkent, Qazaqstan. Laura Batyrkhanova.
Salt-dästür / Салт-дәстүр
Qazaq
sʌlt dæs-tu:r

Мақалда айтылғандай: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», бұл ата жолының (ата-баба жолы) терең маңыздылығын көрсетіп, өткенмен рухани байл...

Jer / Жер
Qazaq
ʒèr

Жер тек физикалық аумақ қана емес, адамның туған жерімен және мәдени мұрасымен байланысты рухани сезімді білдіреді. «Кіндік қаны тамған жер» деген тір...

Aruaq / Аруа
Qazaq
ah-roo-ahk

Аруақ – қайтыс болған ата-баба жаны, олар тіріні қолдап, қорғайды деп есептеледі. Аруақтар отбасы мәселелерінде де, соғыс сияқты ірі тарихи оқиғаларда...

Nauryz celebration on the Astana square. Almaty, Qazaqstan, March 2024. Copyright ktk.kz
Nauryz / Наурыз,
Qazaq
now-ryz

Жаңа жылдың бастауы ретінде тойланатын Наурыз біреулер үшін жалғыз Жаңа жыл мерекесі, басқалар үшін ол Батыс Жаңа жылын толықтыратын мейрам болып табы...

Figure 1. Amantai Nurbekov and Zarya Nurbekova at their 50th Wedding Anniversary; attended by three generations. Taldyqorğan, Qazaqstan, 29 August 2023. Photo by Marat Nurbekov.
Ata-baba / Ата-баба
Qazaq
Ah-tah bah-bah

Ата-баба – ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отбасы мен ұлттық дәстүрді жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл ұғым ата-бабаға, сондай-ақ тікелей алдыңғы...

Tıl / Тіл
Qazaq
Til

«Мен сені жақсы көремін» – «I love you» деген мағынаны білдіретін тіркес. Қазақ тілінде тіке айтудан гөрі астарлы мағынаға көбірек мән беріледі. Мысал...

error: