«Мен сені жақсы көремін» – «I love you» деген мағынаны білдіретін тіркес. Қазақ тілінде тіке айтудан гөрі астарлы мағынаға көбірек мән беріледі. Мысалы, аяғы ауыр әйел өз жағдайын анасына тіке айтудың орнына: «Апа, құлағыңызға бір нәрсе айтайыншы» деп, жеткізеді. Кейбір сөздер айтылмайды, бірақ ишара немесе әуен арқылы білдіріледі—мысалы, біреу қайтыс болса, бұл хабар домбыра (екі ішекті аспап) арқылы күймен жеткізілген.
Сөздердің көп мағыналы болуы, кейде қарама-қайшы мағынада қолданылуы түс символизмінде ерекше рөл атқарады. Қара түс бір жағынан жамандықты білдірсе, екінші жағынан шыққан тек пен терең байланысты білдіреді. Қара шаңырақ – ата-баба үйі, ал қара бақсы – тылсым өнерге алғаш енген арғы аталарымен байланысы бар бақсы немесе емші. Қоңыр түс жермен және оның тереңдігімен байланысты. Қоңыр әуен—қоңыр түс сияқты, адам жанының терең пернелерін қозғайтын әуен. Көк түс көк, жасыл және сұр түстерді қамтиды, ол Аспан құдай Тәңірмен байланысты. Көк – аспан мен жайылымның түсі, бұл түстес барлық нәрсе көктен келген сый деп есептеледі.
Қазақтар бірнеше ғасыр бойы Ресей империясы мен Кеңес Одағының құрамында болды, бұл кезеңде орыс мәдениеті кеңінен насихатталды, көптеген қазақтар орыс тілінде сөйледі. Дегенмен, тіл ұлттық болмыс пен қайсарлықтың негізі болып қала берді. Белгілі қазақ мақалы: «Ұлтты жойғың келсе, алдымен тілін жой» дейді. Мәдени жады ауыз әдебиеті арқылы—жыр, ән және орындаушылық өнер арқылы сақталып келді.
Соңғы жылдары музыка қазақ тілін жандандыруда маңызды рөл атқарады. Ninety One тобы Q-Pop жанрының негізін қалап, қазақ тілді заманауи әндердің де сапалы әрі трендке сай болуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл қазақ тілін жас буынға тартымды етті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оны сүйсіне тыңдап, қазақ тілін үйреніп, әндерін шырқап жатқаны туралы бейнелер жиі кездеседі.
“Men senı jaqsy köremın” (I see you clearly) is an expression meaning “I love you.” There is less directness in Qazaq speech but more a figurative meaning. For example, a pregnant woman might inform her mother about her condition by saying, “Mom, let me tell you something in your ear.” Some words are not spoken but shown or played—if someone passed away, the news was traditionally conveyed through a melody played on the dombyra (a two-stringed lute).
The use of words with multiple and even opposing meanings plays a special role in color symbolism. Qara (black) can signify something negative but also represents origins and deep-rooted connections. Qara şanyraq refers to one’s family home, while qara baqsy describes a shaman or healer connected to his first ancestor who went into magic. Qoñyr (brown) color is connected with the earth and its depths. Qoñyr äuen is literally brown melody, plays deep strings touching the human soul. Kök encompasses blue, green, and grey, symbolically linked to the Sky God Tengri/Täñır. Kök is the color of both the sky and grazing lands, reflecting the belief that everything in these colors is a gift from above.
For decades, Qazaqs were under the Russian Empire and Soviet regime, where Russian culture was actively propagated, and many spoke Russian. Yet, language remained central to national identity and resilience. A well-known Qazaq proverb says, “If you want to destroy a nation, destroy its language.” Cultural memory was preserved through oral literature—whether through spoken word, singing, or performing arts.
In recent years, music has played a crucial role in revitalizing the Qazaq language. The band Ninety One, pioneers of Q-Pop, shattered stereotypes by producing trendy, high-quality songs, making the language appealing to younger generations. At the same time, social media is flooded with adoring videos of Dimaş Qudaibergen, whose global success has inspired fans worldwide to embrace and speak Qazaq.
Ninety One Channel. “Documentary ‘MEN SEN EMES’ (Face the Music).” YouTube video, January 5, 2021, accessed February 1, 2025. https://www.youtube.com/watch?v=UreqjWn5yU0&list=PLWRpFANUyP52RVGST3a8sT8-yzvivxJHR&index=10.
adzhuma. “#музыка #Dimash.” TikTok, May 10, 2023. https://www.tiktok.com/@adzhuma/video/7286435856632548614?_r=1&_t=ZM-8tanmhV3xTS
baigenewskz. “Польские фанаты Димаша Кудайбергена запели по-казахски.” TikTok, May 22, 2023. https://www.tiktok.com/@baigenewskz/video/7235960752329215237?_r=1&_t=ZM-8tanlHBVvYE
Көне түркі дүниетанымында көзге көрінетін және көрінбейтін екі әлем бар деп есептелген. Музыка осы екі дүниенің арасындағы көпір саналады, ал музыкалы...
Өнер тек өнер туындылары мен қойылымдармен шектелмейді – ол шығармашылық үдерісті толықтай қамтиды және көбінесе ғұрыптар мен наным-сенімдермен тығыз ...
Ою-өрнек – рухани, табиғи және қоғамдық мағынаға ие бейнелер арқылы «сөйлейді». Бұл өрнектер табиғаттан шабыт алады, олар аспан денелерін, табиғи элем...
Мақалда айтылғандай: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», бұл ата жолының (ата-баба жолы) терең маңыздылығын көрсетіп, өткенмен рухани байл...
Жер тек физикалық аумақ қана емес, адамның туған жерімен және мәдени мұрасымен байланысты рухани сезімді білдіреді. «Кіндік қаны тамған жер» деген тір...
Аруақ – қайтыс болған ата-баба жаны, олар тіріні қолдап, қорғайды деп есептеледі. Аруақтар отбасы мәселелерінде де, соғыс сияқты ірі тарихи оқиғаларда...
Жаңа жылдың бастауы ретінде тойланатын Наурыз біреулер үшін жалғыз Жаңа жыл мерекесі, басқалар үшін ол Батыс Жаңа жылын толықтыратын мейрам болып табы...
Ата-баба – ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отбасы мен ұлттық дәстүрді жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл ұғым ата-бабаға, сондай-ақ тікелей алдыңғы...
This website uses strictly necessary cookies to function. We would also like to use functional and analytical cookies to improve your experience. You can choose to accept or decline.